Артқа

ЫСТАНБҰЛДА 3 ҚАЗАН – ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ КҮНІНЕ ОРАЙ РЕСМИ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

08.10.2026 18:47

2026 жылғы 8 қазанда Ыстанбұлда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) ұйымдастыруымен 3 қазанда атап өтілетін Түркі мемлекеттері ынтымақтастығы күніне орай ресми қабылдау өтті. Іс-шараға Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ түркі әлемінің түрлі ұйымдарының басшылары, жоғары лауазымды тұлғалар мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында ТМҰ Бас хатшысы, елші Кубанычбек Омуралиевтің төрт жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты оның түркі әлеміндегі ынтымақтастық пен ынтымақты нығайтуға қосқан үлесі атап өтілді.

Қабылдау түркі мемлекеттері арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту және ортақ мәдени мұраны ілгерілету жолындағы ынтымақтастықтың маңызын тағы бір мәрте айқындады.