Президент

Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова

Профессор, композитор, өнертану ғылымдарының докторы, Мемлекеттік басқару және халықаралық даму докторы (DBA),

философия ғылымдарының докторы (PhD), Жоғары аттестаттау комиссиясының профессоры,

  Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының құрметті мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

 

Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова 1964 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі - Рахметолла Райымқұлов, жазушы, анасы - Райымқұлова Мәкиза Дайырбайқызы филолог-ғалым.

1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының тарих-теория факультетін композиция және фортепиано мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Халықаралық бизнес академиясын МВА дәрежесімен бітірген. 2010 жыл - Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясында білім алған.

Ақтоты Райымқұлова Өнертану Докторы, Мемлекеттік басқару және халықаралық даму ғылымдарының Докторы, Доцент, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, ЖАК профессоры.

1988 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейстері, оқытушысы. 2001 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының проректоры, кафедра меңгерушісі.

2014 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер департаментінің директоры, 2016 жылдың
3 қазанынан бастап Мәдениет және спорт вице-министрі, 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды.

2022 жылдың 6 сәуірінен 2023 жылдың қараша айына дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директоры қызметін атқарды.

2023 жылғы 3 қараша күні Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті отырысында Түркі мемлекеттері елдерінің Мемлекет басшылары қабылдаған шешімге сәйкес Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті қызметіне тағайындалды.

А. Райымқұлова «Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері» құрметті атағы (2010 ж.), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтой медалі (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалі (2016 ж.), «Астана 20 жыл» медалі (2018 ж.), «Құрмет» (Почет) ордені (2018 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтой медалі (2021 ж.)  және тағы басқа марапаттардың иегері.

Қазіргі таңда Райымқұлова ханымның 25 астам  ғылыми еңбегі жарияланған. «Аспанкөші», «Saunds of time» , «Қозы көрпеш Баян сұлу» балеттерінің, «Толғау», «Дала сыры», «Жәмиля», «Асар» симфониялық поэмаларының, Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің бірлесіп шығарған «Астана-махаббатым менің» сериалының, «Періштеге хаттар» және көркем фильмдерге арналған саундтректердің композиторы 3 кантатаның, «Ежелгі тұран» симфониеттасының және тағы басқа 300-ден астам музыкалық шығармалардың, ғылыми еңбектердің, мерзімді басылымдарда жарияланған көптеген мақаланың авторы.

Бұрынғы Президент

Günay Əfəndiyeva Elçin qızı

Türk Mədəniyyəti və İrsi Fondunun ilk Prezidenti, Səfir

 

Günay xanım Əfəndiyeva 2004–2008-ci illərdə Azərbaycan Respublikasının İstanbul Başkonsolosluğunda vitse–konsul, konsul vəzifələrində, 2009–2015-ci illərdə isə Azərbaycan Respublikasının YUNESKO yanında Milli Komissiyasının Baş katibi vəzifəsində çalışmışdır. Bu dövrdə o, müxtəlif mədəniyyətlər və dinlər arasında əməkdaşlığın möhkəmləndirilməsi, xalqlar arasında körpülərin qurulması məqsədilə bir sıra genişmiqyaslı mədəni, təhsil və elmi layihələrin həyata keçirilməsinə rəhbərlik etmişdir.

2015-ci ilin sentyabr ayında Astanada keçirilmiş Türk Dilli Dövlətlərin Əməkdaşlıq Şurasının (indiki Türk Dövlətləri Təşkilatı) Dövlət Başçılarının 5-ci Zirvə toplantısında qəbul olunmuş qərara əsasən, o, Türk Mədəniyyəti və İrsi Fondunun ilk Prezidenti təyin edilmişdir və bu vəzifəni 2023-cü ilin noyabr ayınadək icra etmişdir.

Fondun Prezidenti kimi (2015–2023) G.Əfəndiyeva bir sıra mühüm beynəlxalq tədbirlərdə iştirak və çıxışlar etmişdir. Bunlara Türk Dövlətləri Təşkilatının 5–10-cu Zirvə toplantıları və Xarici İşlər Nazirlərinin iclasları, 4-cü Ümumdünya Mədəniyyətlərarası Dialoq Forumu (burada Fond “Mədəniyyətlərin və sivilizasiyaların qovşağında türk irsi” mövzusunda dəyirmi masa təşkil etmişdir), 5-ci Ümumdünya Mədəniyyətlərarası Dialoq Forumu (burada Fond “Türkdilli ölkələr arasında dialoqun qurulmasında Böyük İpək Yolunun rolu” mövzusunda dəyirmi masa təşkil etmişdir), 6-cı Qlobal Forum, 5-ci və 6-cı Bakı Beynəlxalq Humanitar Forumları, İslam Təhsil, Elm və Mədəniyyət Təşkilatının (ISESCO) Baş Konfransının 12-ci sessiyası, BMT Sivilizasiyalar Alyansının Qlobal Forumu, TÜRKSOY üzv ölkələrinin UNESCO üzrə Milli Komissiyalarının və Komitələrinin görüşləri, “Asiyanın qəlbi” – İstanbul Prosesi 7-ci Nazirlər Konfransı, Qoşulmama Hərəkatının Dövlət və Hökumət Başçılarının 18-ci Zirvə Toplantısı, Qoşulmama Hərəkatının Nazirlər Konfransı, “Qoşulmama Hərəkatı: Yeni çağırışlarla mübarizədə birlik və qətiyyət” mövzusunda Koordinasiya Bürosunun Nazirlər Görüşü, Antalya Diplomatiya Forumu (ADF) və digər nüfuzlu tədbirlər daxildir. Bu tədbirlərdə yüksək səviyyəli dövlət rəsmiləri, beynəlxalq təşkilatların rəhbərləri, diplomatik missiyaların nümayəndələri, tanınmış siyasi, elmi, mədəni xadimlər və ekspertlər iştirak etmişlər.

Onun prezidentliyi dövründə Fond tərəfindən türk mədəniyyəti, tarixi, incəsənəti, musiqisi və irsinin beynəlxalq səviyyədə qorunması, öyrənilməsi və təbliği məqsədilə çoxsaylı konfranslar, seminarlar, dəyirmi masalar, sərgilər, konsertlər və digər yüksək səviyyəli tədbirlər həyata keçirilmişdir.

G.Əfəndiyeva yerli və beynəlxalq mediada dərc olunmuş çoxsaylı məqalələrin və nəşrlərin müəllifidir. O, göstərdiyi xidmətlərə görə bir sıra milli və beynəlxalq diplomlara, sertifikatlara və medallara layiq görülmüşdür.