Артқа

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

17.10.2026 09:42

Түркі мәдениеті және мұрасы қорындағы Қырғыз Республикасынан ұсынылған зерттеуші-сарапшы лауазымына конкурстық іріктеудің барысы туралы

 

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Қызметкерлер туралы ережесінің VI қағидасының 4-тармағына сәйкес, зерттеуші-сарапшы (Research Expert) бос лауазымына конкурстық іріктеу жүргізілуде.

Жарияланған конкурс аясында Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігі 2026 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 01-2-6/10440 ресми
хатымен үш үміткерді ұсынды:

  • Нусубалы Жакыпбеков;
  • Уран Майрамбек уулу;
  • Урмат Каныбеков.

Ұсынылған үміткерлердің құжаттарын қарау, олардың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау, сондай-ақ онлайн форматта өткізілген жазбаша емтихан нәтижелерін саралау қорытындысы бойынша Қордың Конкурстық комиссиясы Уран Майрамбек уулуды конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне – тікелей сұхбаттасуға шақыру туралы шешім қабылдады.

2026 жылғы 16 қазанда үміткерді тікелей сұхбаттасуға шақыру туралы тиісті ресми хабарлама дипломатиялық арналар арқылы Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігіне жолданды.

Конкурстық іріктеу Қордың белгіленген қағидалары мен рәсімдеріне сәйкес, объективтілік, ашықтық және барлық үміткерлерге тең қарау қағидаттарын сақтай отырып жалғасуда.

Конкурстық іріктеудің нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.