Артқа

ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

02.10.2026 17:03

2026 жылғы 2 қазанда Қазақстанға жұмыс сапары аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Кездесу барысында Ақтоты Райымқұлова Қордың 2024–2026 жылдардағы қызметінің негізгі нәтижелерін таныстырды. Түркі халықтарының мәдени мұрасын сақтау мен зерттеуге, сондай-ақ оны халықаралық деңгейде кеңінен дәріптеуге бағытталған жобаларға ерекше назар аударылды.

Тараптар Қордың алдағы жылдарға арналған қызметінің басым бағыттарын, түркі әлемі елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған жоспарлы бастамаларды, сондай-ақ Қазақстанмен мәдениет және мәдени мұра саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.