Артқа
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫ ҚОРЫНЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА КӨҢІЛ АЙТУЫ
25.09.2026
15:36
Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу барысында орын алған қайғылы оқиға салдарынан әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты орны толмас ауыр қазаға ортақтасып, марқұмдардың отбасылары мен туған-туыстарына, жақындарына, сондай-ақ бүкіл Қазақстан халқына қайғырып көңіл айтады.
Отан алдындағы борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің жарқын бейнесі мен есімі ел жадында мәңгі сақталсын.
Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына сабыр мен төзім, зардап шеккен азаматтарға тезірек сауығып кетулерін тілейміз.
Қаза болғандардың иманы саламат, жандары жәннатта болсын.